КІРІСПЕ

 

Берілген электронды оқу құралы жалпы физика курсының «Механика» бөлімі бойынша күрделілігі жоғары есептерді шығару әдістемесі бойынша электронды оқу құралы болып табылады. Берілген электронды оқу құралда 100 есеп ұсынылған.

Электронды оқу құралы физика-техникалық факультетінің 6В01503 - «Физика», 6В05304 - «Физика», 6В01504 - «Физика-Информатика» мамандықтарының бакалавриат студенттеріне арналған. Сонымен бірге электронды оқу құралы физикалық және техникалық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына, орта арнайы мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына ұсынылады. 

Электронды оқу құралы бес тараудан құрылады. Әрбір тараудың басында тақырып бойынша негізгі түсініктер мен заңдарды еске түсіруге мүмкіндік беретін қысқаша теориялық мәліметтер берілген. Кейін есептерді шығару бойынша әдістемелік нұсқаулар және олардың шығару мысалдары ұсынылады. Әрбір тарау студенттердің өз бетімен шығаруға арналған есептермен аяқталады. Электронды оқу құралда ұсынылған есептердің көп бөлігі мазмұны бойынша немесе шығару әдісі бойынша  өзіндік болып табылады. Есептерді шығаруда Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ) басымырақ қолданған. Электронды оқу құралдың қосымшасында физикалық тұрақтылардың кестесі және ХБЖ бойынша кейбір мәліметтер берілген.

Ұсынылған электронды оқу құралы бірнеше жылдар бойы физика-техникалық факультетінде практикалық сабақтарды жүргізу кезінде және емтихандарда қолданылған есептер негізінде құрастырылған. Сонымен бірге электронды оқу құралды әзірлегенде әр түрлі есептер жинақтарынан [1-10] есептер қолданылған. Электронды оқу құралға енген кейбір есептер әр түрлі жылдары физика-техникалық факультетінде өткізілген 6В01503 - «Физика» мамандығы бойынша студенттер арасындағы республикалық пәндік олимпиадаларда ұсынылған.